«Доктор» Гугл сізді емдей алмайды - The New York Times

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Google жүйесін медицина сарапшысы іспетті көретіндер қатары артты. Әсіресе рак диагнозы қойылған адамдар «доктор» Гуглға жүгінетін болды. Дегенмен, ол ненің дұрыс екенін білмейді.

The New York Times басылымында жарияланған мақалада автор бұрын емделушілер дәрігерлерге тәуелді болғанын, олардан кеңес алып жүргенін, ал қазір интернеттің кең тарауымен бұл үрдістің азайғанын жазады.

«Стэнфорд университеті Медицина орталығының онкологы, доктор Лидия Шапираның айтуынша, адамдар көбіне дезинформацияға (жалған ақпаратқа) толы сайттарға ұрынады. Ол өз тәжірибесінде тіпті Интернеттен оқыған препараттармен өз бетінше ем бастап кеткендерді де жиі кездестіріпті. Тіпті, кейбір белгілер пайда бола бастаса да, интернеттен қарап өздеріне диагноз қоятындар санының артуы алаңдаушылық туғызатын жағдайға жеткен және оған өте көптеген мысалдар келтіруге болады», деп жазады автор.

«Веб-сайттар дәрігерді алмастыра алмайды. Ұзақ жыл білім алып, тәжірибе жинаған маманның ғана көмегі сапалы болады. Бұл Интернетке қарағанда әлдеқайда жақсы», делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар