Дмитрий Медведев: Цифрлық күн тәртібі ортақ кеңістік қалыптастырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей Премьер-министрі «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумында баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей үкіметінің басшысы сөзінде цифрлық күн тәртібі ортақ кеңістік қалыптастыратынын айта келе, мемлекеттер неғұрлым осы кеңістікті тезірек құрса, соғұрлым өзара бірлесіп әрекет ете алатынын жеткізді.

«Әлбетте, интеграциялық жобаларды жекелей жүзеге асыра алмаймыз. Тауар, адам және өзге де нарықтарды біріктіріп, ортақ инфрақұрылым қалыптастыру керек. Бестік аумағында мәліметтерді сараптайтын  заңнамалық құрал әзірлеу керек. Күн тәртібінде ақпараттық қауіпсіздік, мәліметтерді қорғау мәселесі ашық тұр. Бізге цифрлық қызметті дамыта отырып, кибершабуылдарға қарсы тұру керек», - деді Д.Медведев.

Д.Медведев криптовалютаға қатысты ойын білдірді.

«Блокчейннің болашағы зор. Криптовалюта кәдімгі валютаға бәсекелесетін  төлем құралы ретінде сақтала ма, оны білмейміз. Мүмкін бұл бос ауа шығар, бір күні жарылып ештеңе де қалмайтын шығар. Бірақ, блокчейн технологиясы фундаменталды серпіліс екенін білемін. Қалай болғанда да, біздің экономикаларымыз бір-бірімен байланысты, сондықтан, принциптерді бір мемлкетке ғана енгізе алмаймыз. Біз қадамдарымызды Одақ деңгейінде біріктіруіміз керек. Мәліметтер алмасуды электронды түрде беруге болады. Екіншіден, электронды бірізділік, әрмемлекеттегі азаматтардың анықтамаларын беретін ортақ электронды сенім кеңістігін қалыптасыру қажет. Бұл арада блокчейн технологиясын қолдануға болады. Үшіншіден, геоақпараттық жүйе арқылы, тауарларды тасымалдауды бақылауға болады. Криптоактивтер бойынша халықаралық конвенция әзірлеу керек», - деді Д.Медведев.

Айта кетейік, Ресей биыл ЕАЭО-ға төрағалық етеді.

Соңғы жаңалықтар