Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүзуден Қазақсан чемпионатының үздігі Дмитрий Баландин Қазақстан чемпионатындағы үшінші алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша Дмитрий Баландин көш бастады. Аталған қашықтықты ол 27, 19 уақытта бағындырды. 29,01 нәтижесімен Айбек Камзенов екінші орыннан көрінсе, 29, 63 көрсеткішімен Нұрдіулет Жұмағали үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Дмитрий Баландин осыған дейін Қазақстан чемпионатында 100 және 200 м қашықтықты бойынша бірінші болған.
Соңғы жаңалықтар