Дмитрий Баландин Қытайдағы Champion Swim Series турнирінде тағы да қола еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытай астанасы - Бейжің қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 100 метрге жүзуде үшінші орын алды. Оның нәтижесі 1:00.00 көрсеткішін құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қашықтықты 58.83.00 уақытта бағындырған қытайлық Ян Цзыбей бірінші орын алса, күміс жүлдеге 58.95.00 көрсеткішімен нидерландтық Арно Камминг ие болды.

Естеріңізге сала кетелік, Д.Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 1:00:55 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.


Бұдан бұрын Д.Баландин Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен Champion Swim Series турнирінің бірінші кезеңінде 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде үшінші орын алса , брасс әдісімен 200 метрге жүзуде де сол жетістігін қайталады.

Айта кетерлігі, ол 2019 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде 59:09 көрсеткішіне қол жеткізген еді. Бұл Қазақстан рекорды ретінде тіркелді.







Соңғы жаңалықтар