Дизель отыны нарығындағы бөлшек саудада 12 тергеу жүргізілуде - Серік Жұманғарин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн сайын сұйытылған мұнай газының өткізу бағаларына мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты 12 тергеу жүргізілуде (оның ішінде 4 ірі компания – «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС)

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес, 180 күнге уақытша негізде шекті бағалар белгіленді. Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге, Агенттік сұйытылған мұнай газына (автогазға) әкімшілік бірліктердің қашықтығын ескере отырып: батыста – 50 теңге, оңтүстікте - 60 теңге, солтүстік-шығыста - 60-70 теңге орнатты. Агенттік күн сайын сұйытылған мұнай газының өткізу бағаларына мониторинг жүргізеді, уақытша шекті бағадан асып кету фактілері анықталған жағдайда бағаны төмендету қажеттігі туралы нұсқама жібереді, орындалмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушық кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады», - деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, баға ауытқулары мен экономикадағы қолайсыз үрдістер жағдайында Агенттік уақытша шара ретінде жекелеген тауар нарықтарында мемлекеттік баға реттеуді белгілеуге құқылы және дайын.

«Энергетика министрлігімен бірлесіп газ өндірушілермен ескі және жаңа көтерме баға арасындағы айырмашылықты бөлшек газ сатушыларға өтеу туралы келісімге қол жеткізілді», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар