Дипломмен ауылға: Жамбылда 201 маман ауылға аттанды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 201 маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарламамен ауылға барғандардың басым көпшілігі білім және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүр. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік жобаға қатысушыларының 121-і білім, 55-і денсаулық сақтау, 30-ы ауыл шаруашылығы және 5 маман мәдениет пен спорт саласына тартылған.

Жалпы жоба жоба басталғалы бері облыста 1700-дей маман ауылдарға барған. Алайда өңірде мұғалімдер мен дәрігерлер әлі де тапшы. Әсіресе Қордай, Шу, Байзақ және Жамбыл аудандарында бұл мәселе өткір сезіліп отыр. Жалпы биыл 256 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Тағы 277 адам ауылды елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш берген.

«Облысымызда бүгінгі күні 227 маманға тағы да мамандардың тарапынан қажеттілік келіп түсті. Ол 1 миллиардқа жуық несие алу бойынша. Енді бізде бөлінетін 5,2 миллиард теңге көлеміне облыстың қажеттілігіне ұсыныс жасадық. Нақтылау барысында бұл қаржыдан өзіміздің үлесімізді алатын боламыз. Алайда, бағдарламада нақты осындай мамандыққа басымдық берілсін деген нұсқама жоқ. Кезек бойынша мамандар елді мекенге келіп өзінің өтінімін береді. Сол кезекке сәйкес оның өтінімі қарастырылады. Бұл мәселе депутаттармен де қарастырылуда. Әр өңірде қандай маманға тапшылық бар, сол бойынша басымдықты сол мамандыққа беру туралы. Бірақ бұл өзгеріс әлі жобаға енгізілген жоқ»,- облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Айта кету керек, биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен екі бағыт бойынша берілетін әлеуметтік көмек көлемі артты. Бұрын көтерме жәрдемақы 176 мың теңге болса, енді 252 мың теңгеге көтерілді. Ал 0,01 пайызбен берілетін бюджеттік несие 1500 айлықтық есептік көрсеткішке көбейген.





Соңғы жаңалықтар