+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметшілер де баратын болды

2020 жылғы 5 наурыз 11:33
Бөлісіңіз:
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметшілер де баратын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемлекеттік қызметшілер қосылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті Асқар Мамин ЕО елшілерімен экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады Ақмола облысында 12 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

Атап өтілгендей, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 5 наурызында өткен агроөнеркәсіп кешені мәселері жөніндегі республикалық кеңесте ауылға оралған мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы ынталандыруды тапсырды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы нақты ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды қолдауға бағытталған.

«Аталған тапсырмаға ауылдық жерлерде әлеуметтік салалардағы білікті мамандардың кадр тапшылығы, соған орай білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік қызметтердің сапасына қанағаттанбаушылық, қала мен ауыл арасындағы орын алып отырған үйлесімсіздік негіз болды», - деді Премьер-Министр.

Асқар Маминнің айтуынша, жоба аясында ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының 18-бабы 8-тармағымен регламенттелген. Аталған бап тек ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және қалалық елді мекендерге қолданылмайды.

«Бұған қоса, аудандық маңызы бар қалаға келген мамандар үшін жоба аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығын одан ары ұлғаюына, сондай-ақ бюджет шығыстарының артуына түрткі болады. Дегенмен, «Дипломмен ауылға» жобасына ауылдық округ әкімдігінің аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қосу жоспарланған. Бұл да мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін арттырады. Бұл норма ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1012 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілген «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT