«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша пара алған маман сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас маманы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл туралы онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында Сарыағаш ауданының қаржы бөлімінің бас маманы Қараманов сотталды. Ол «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы оң қорытынды шығарғаны үшін жергілікті тұрғыннан 350 мың теңге көлемінде пара алды», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов.

Сондай-ақ, Алматы қаласында пара алғаны үшін 5 полиция қызметкері әшкереленген.

«Заңсыз сыйақыларды негізінен олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны, карантиндік бекет арқылы кедергісіз өткені үшін алған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар