Димаштың елордадағы концертінде болған шетелдіктер Қазақстанға қайта келмек
Шетелдік жанкүйерлер әншінің концертінен кейін Алматы қаласында болып, оның көрікті жерлерін тамашалап қайтқан. Француздар әсіресе қазақстандықтардың ақпейілділігі мен еліміздің әсем табиғаты үлкен әсер еткенін айтады. Фан-клубтың барлық дерлік мүшелері келесі еңбек демалыстарында елімізге қайта келуді шешіп отыр.
«Қазақстанда өз елімізде жүргендей сезіндік. Бізді өте жақсы қарсы алды. Қазақ елі әсем табиғатымен және халқының қонақжайлығымен есте қалды. Сондықтан Қазақстанды қайта барып көргіміз келеді», - дейді Димаштың жанкүйерлері клубының әкімшісі Сандра Скамарони.
«Мен сіздің еліңізді Димаш арқылы таныдым. Оның Қазақстанды келіп көруге шақыруы өте дұрыс. Себебі, сіздің елдің тарихы, мәдениеті бай. Батыста өзіміздің тамырымызбен байланысты жоғалтып алдық десек болады. Ал Қазақстанда ұлттық киім киіп, ат мініп жүрген адамдарды көрдік. Мұны сақтау керек», - деді жанкүйерлер клубының мүшесі Сильви Гальдеано.