+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

2020 жылғы 19 қаңтар 13:22
Бөлісіңіз:
Димаш Токиодағы джаз фестивалінде өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген джаз композициясының миллиондаған жанкүйерлерін тәнті ететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Tokyo Jazz Festival ресми сайтында сілтеме жасап.

19-шы Tokyo Jazz Festival мамырдың 22-24 күндері Жапония астанасында өтеді. Бұл бастауын 2002 жылдан алатын Күншығыс еліндегі ірі музыкалық фестивальдердің бірі саналады. Ол джаздың шын мәніндегі танымал әртістерін шақыруымен белгілі. Музыкалық фестивальдің ұйымдастырушылары биыл мәдени шараға 90 мыңнан астам көрермен жиналатындығын күтіп отыр. Бұған Қазақстаннан баратын қонақтың да үлесі зор болуы ықтиал. Себебі Tokyo Jazz Festival-дің Facebook парақшасында жарияланған аңдатпасына пікір қалдырғандардың басым бөлігі Димаштың аталған шараға қатысатындығын қуана жазып жатыр.

«Таңғажайып Токиода Димаштың қатысуымен өтетін джаз фестиваль тамаша болары сөзсіз», «Токиода Димашты көргенше асықпын», «Мен үшін Димаштың қандай ән орындайтындығы қызықты. Ол классикалық және поп-музыкамен қатар джаз вокалда да таңғажайып әнші», деп әншінің әлемнің әр қиырындағы жанкүйерлері жазба қалдырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT