Димаш саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі жарыққа шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған - танымал актер Джеки Чанның «Авангард» фильмі жарыққа шыққалы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Таяу күндері мен әнін шырқаған Джеки Чанның ««Авангард» фильмі жарыққа шығады. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрдан көріңіздер«, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске сала кетейік , Димаш пен Джеки Чан бұрыннан жақсы таныс. Қазақ әншісі Қытайда өткен I am Singer жобасында миллиондаған қауымның жүрегін жаулаған болатын. Сонда әйгілі актермен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жауып, қоңыр үнді домбырасын да сыйға тартқан еді.



Соңғы жаңалықтар