Димаш орындаған сериал саундтрегі Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орынға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген орындаған сериал саундтрегі Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің қытайлық жаңа сериалға арнап орындаған саундтрегім Қытайдың QQ MUSIC платформасында бірінші орында тұр. Төмендегі фото – менің қытайлық командамен түскен фотосуретім (агенттер, продюсерлер, менеджерлер - Black Golden компаниясынан). Бұл командамен I am singer жобасынан бері үш жыл бойы жұмыс істеп келемін. Жаңа жобаларды күтіңіздер», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Еске сала кетсек, жақында ғана Димаш Құдайберген Ресей астанасындағы Мемлекеттік Кремль сарайында жаңа «Your Love» әнінің тұсауын кескен еді. Жаңа композиция оның YouTube арнасында жарияланды.
Әнші сонымен қатар 11 наурызда - Киевте, 19 наурызда - Гамбургте, 21 наурызда - Дюссельдорфта, 25 наурызда - Прагада, 29 наурызда - Штутгартта және 4 сәуірде Минскіде өнер көрсетеді. Бұған дейін хабарлағандай, Arnau tour аясында Димаш 11 концерт өткізбек.
- Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді
- Қытайда шахтаны су басып, кеншілер жер астында қалды
- Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
- Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды
-
Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы су келісімдерінің 25 пайызы мақұлданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам