Димаш «Қытай дауысына» қатысып жатқан қандасымызға сәттілік тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы «Sing! China» байқауына қатысып жатқан қандасымыз Мадина Думанқызына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Мадина Думан атты қарындасымыздың әуелеген әнін тыңдадым. «Қытай дауысы» жобасының тәлімгері Ли Цзянь мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтамын. «I am singer» байқауында мен сырқаттанын қалған кезде Ли маэстро да қалпыма келуім үшін сирек дәрі әкеліп, көмектесіп еді», - деп жазды әнші Instagram парақшасында .

Сонымен қатар Димаш Мадинаға да «Ұмытылмас күн» әнін шебер орындағаны үшін рахмет айтты.

«Қайда болсын осы әнді шырқаймын десеңіздер қарсылығым жоқ. Осындай керемет әншінің шығармамды орындап жатқаны мен үшін зор бақыт. Сәттілік Мадина. Атақ-абыройы асқақ әншіге айналарыңа сенімдімін. Армандарға қадам баса бер», - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек бұған дейін Қытайдағы танымалы өнер бәсекесінің бірі саналатын «Қытай дауысы» (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан қандасымыз Мәдина Думанқызы Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін орындаған еді.



Соңғы жаңалықтар