Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты әнінің бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Димаш Құдайберген бейнебаянына өзі режиссер болғаны туралы жазған болатынбыз.

Димаштың жаңа бейнебаяны туралы оның жанкүйерлерінің Instagram парақшасына жарияланды.

«Димаштың жаңа әніне қолдау білдіргілеріңіз келсе, сілтеме бойынша өтіп, YouTube желісінен тамашалаңыздар», - деп жазылған Instagram парақшада.

«Қайран елім» әнінің музыкасын Ренат Ғайсин, сөзін Данияр Алдаберген, Орал Байсеңгір жазған.

Бейнебаян бір сағат ішінде 50 мыңға жуық көрілім жинап, 3,5 мың адам пікір жазған.

«Бейнебаянды түсірген топқа үлкен алғыс айтам. Көп жұмыс атқарылған және бәрі жоғары деңгейде. Жарайсың! Көріп, естіп отырған әнге жүрегің елжіреп, жаның ауырады. Көзімнен жас тоқтар емес. Рахмет!», - деп пікір жазды Надежда Гринь есімді әлеуметтік желі қолданушысы.


Соңғы жаңалықтар