Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті бүгін Qazaqstan арнасынан көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жаңа жыл мерекесіне орай Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте өткен концертінің теленұсқасы көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың әйгілі «Barclays Center» аренасына 51 елден 20 мыңға жуық тыңдарман жинаған 2019 жылдың ең ауқымды шоуын бүгін сағат 17:20-дан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ұсынғалы отыр.
Одан бөлек, концерт алында көрерменге бір сағаттық арнайы жоба ұсынылады. Эксклюзив жобада Димаштың ата-анасымен бірге, қазақстандық және әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттарының сұхбаттары беріледі.
«Космос және Әлемнің шексіздігі» атты шоуда Нұр-Сұлтанда өткен жазғы концерттің ең жақсы сәттері қамтылған. Димаш оркестрдің сүйемелдеуімен «Адай» күйін, өзге де композицияларды орындайды. Сондай-ақ, әндерін қазақ, ағылшын, орыс, француз, итальян және қытай тілдерінде шырқайды.
- 22 қаңтар күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Аида Балаева: Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек
- Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- Мәди Манатбек «Астана» радиосының директоры болып тағайындалды
-
Семейде Ахат Шәкәрімұлының шығармалар жинағы таныстырылды
-
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам