Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жапон және ағылшын тілдерінде үн қатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagam-дағы парақшасында жанкүйерлеріне жапон және ағылшын тілінде сәлем жолдаған. Әнші фанаттарын Tokyo Jazz Festival-ға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген миллиондаған тыңдармандарын джаз стиліндегі композициясымен қуантпақ.

Бұған дейін хабарлағандай, 19-шы Tokyo Jazz Festival 22-24 мамыр күндері Жапония астанасында өтеді. Бұл – 2002 жылдан бері өткізілетін күншығыс елінің ең үлкен музыкалық фестивальдерінің бірі. Оған нағыз танымал джаз әртістері шақырылады. Биыл музыкалық шараны ұйымдастырушылар 90 мың көрермен келеді деп отыр.

Айта кету керек, Димаш «джаз аңыздарымен» бір сахнада өнер көрсетеді. Оның бірі - Герберт Джеффри Хэнкок. Ол – америкалық джаз пианисі және композиторы, 14 Грэмми сыйлығының иегері және 20 ғасырдың ең ықпалды джаз музыканттарының бірі, сонымен қатар заманауи джаздың жетекші саксофонистерінің бірі, Грэмми Джошуа Редман(АҚШ) сыйлығының номинанты.


Соңғы жаңалықтар