Димаш Құдайберген жанкүйерлерін Ресейдің 3 қаласындағы концертіне шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін Ресейдің үш қаласындағы жеке концертіне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Баршаларыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Ресей бойынша ақпанда өтетін шағын тур аясында жеке концерттеріме шақырамын. Мен сіздермен 16 ақпанда Краснодарда, 20 ақпанда Қазанда, 23 ақпанда Екатеринбургте кездессем деймін.», - деп жазды әнші instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін ғана Димаш Құдайберген Қытайдың «Internet Bull Ears awards 2019» жүлдесін жеңіп алған болатын.

«Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар