Димаш Құдайберген ұстаздарын мерекемен құттықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген музыка колледжіндегі ұстазы Марат Әйтімовті мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген видео құттықтау жолдады.
«Ең алдымен алғыс айтқым келеді. Мереке қарсаңында түсірілген видео сіздерге деген ыстық лебізімнің, махаббатымның белгісі деп біліңіздер. Қазіргі таңда азды-көпті жетістікке жетіп, алынбас қамалды алып, шыңдарға жетіп жүргеніміз, сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Бізге деген махаббаттарыңыз, тәлімдеріңіз үшін шын жүректен рақмет айтқым келеді. Ұстазым Марат Олжабайұлына ерекше рақмет айтамын. Әлі күнге дейін ағалық, әкелік нұсқауын беріп, әлі де шаршамай ұстаздық тәлім беріп жүр. Аманжол Дүйсенұлына рақмет. Еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын», - деді Димаш Құдайберген өз сәлемдемесінде. Әрі Ахмет Жұбанов атындағы колледж ұжымына сәлемін жолдады.

Айта кетейік, Марат Әйтімов Димаш Құдайбергеннің колледждегі ұстазы, тәлімгері. Әнші Ақтөбеге келген әр сапарында ұстазымен кездесіп тұрады.


Соңғы жаңалықтар