Димаш Құдайберген түскен Жаңа жылдық мюзиклдің трейлері желіде жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаш Құдайберген телевизиялық Жаңа жыл мюзиклінде шығыс ханзадасы образында шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мың бір түн немесе махаббат алаңы» мюзиклі («1001 ночь, или Территория любви») Ресейдің «НТВ» телеарнасында 31 желтоқсанда көрсетіледі. Жаңа жыл ертегісінде Димашпен бірге бірқатар ресейлік өнер жұлдыздары түскен. Телекөрермендер сұлтан рөліндегі Филипп Киркоровты, жынды сомдайтын Николай Басковты, кезбе әнші - Дима Биланды, Шахризаданы ойнайтын Екатерина Климованы, сиқыршы образындағы Игорь Крутойды көре алады.
Айта кетрлігі, Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанған болатын. Ал, Румынияда оның жанкүйерлері әншінің концертін ұйымдастырғысы келетіні айтылды.
Сондай-ақ, Димаш Құдайберген италиялық фэнтези жанрындағы фильмнің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.
- Жанкүйерлер Димаш Құдайберген туралы веб-ойындар жасады
- Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері музейге әлем фанклубтарының эмблемасын тапсырды
- Димаш Құдайбергеннің есімі Марсқа жетті
- Индонезиядағы жанкүйерлері Димаштың әнін ұлттық аспаптарда орындады
-
Димаш Құдайбергеннің Youtube арнасы «алтын батырмаға» ие болды
-
Димаш Құдайберген 10 мың доллар сыйлайды: әлеуметтік желіде жалған парақша ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам