Димаш Құдайберген өзіне пародия жасаған бойжеткеннің өнеріне тәнті болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген өзіне пародия жасаған әнші қыздың өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды ғой. Өте талантты жұмыс», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Бұл - моңғолиялық «Яг туун шиг» телешоуында өнер көрсеткен моңғол қызы Б.Халиун болатын. Ол Қытайда өткен I am a singer жобасында Димаш шырқаған «S.O.S d'un terrien en détresse» атты француз әнін орындады.



Еске сала кетейік, біз бұған дейін Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің концерті өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар