+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде алда келе жатыр

2021 жылғы 23 қыркүйек 18:14
Бөлісіңіз:
Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде алда келе жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - – Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған ән байқауы өтті Ақтөбеде Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылды Тәуелсіздіктің 30 жылы: Ақмола облысының мәдениет саласы қалай дамып келеді

Арнайы сайттағы мәліметтерге қарағанда, Д. Құдайберген 5,9 млн дауыс жинады.

Екінші орында 5 859 003 дауыс алған Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі (Kim Seokjin) тұр.

Айта кетейік, дауыс беру биылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында челленджге ұласты.

«Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі - Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын. Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!»,- деп жазды Нұржан Жетпісбаев.

Дауыс беру ережелерімен @jas_otan Instagram және Facebook парақшаларында танысуға болады.⠀


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT