Димаш Құдайберген 10 мың доллар сыйлайды: әлеуметтік желіде жалған парақша ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Facebook әлеуметтік желісінде Димаш Құдайбергеннің 10 мың доллар сыйлық беретіні туралы ақпараты бар жалған парақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылдың басында осы желіде «Тиматиден сауалнама» атты жарнама жиі шыққан болатын. Ақпарат сенімді болып көрінуі үшін әртіс пен продюсердің атынан видеоүндеу жарияланған. Видеода олар сауалнамаға жауап бергендерге миллион теңге беретінін айтқан. Сауалнамаға жауап бергендерді арнайы сайтқа бағыттаған, ол сайтта ақша ұтып алғаны үшін қомақты комиссия төлеуі керектігі туралы айтылған.

Алаяқтар Димаш Құдайбергенді де айналып өтпеді. Facebook желісінде Diimaаsh деген парақша пайда болды. Аталған парақшада Димаштың суреті мен оны тікелей эфирінен үзінді жарияланған.

«Мен бүгін баршаңызға бата беремін. Бұл комментарий жазған алғашқы 1000 адамға (НАҚША) $ 10,000 алады. Мұның шын екеніне сеніңіз. Бұл сыйлық біздің сыйлықты бұрын-соңды жеңіп алмаған адамдарға арналған», - деп жазылған видео сипаттамасында.

Бұл жалған парақша екенінің тағы бір дәлелі – пікірлер арасына парақша авторларының хабарлама қалдыруы болды.

«Сәлем барлық жанкүйерлер ... біздің командадан платформаға сенім білдіргеніңіз үшін рақмет. Инестацияны бастау үшін сіз өзіңіздің атыңызды тіркеуіңіз керек. Мұнда басыңыз => https://bit.ly/3tK4mOK , содан кейін нұсқауларды орындаңыз және сіздің аты-жөніңіз автоматты түрде сіз табысқа жеткеннен кейін тіркеледі, біздің команда сіздің жеңімпаз екеніңізге 100% көз жеткізеді», - деп жазылған хабарламада.

Шын мәнінде осы сілтемеге өткен адамның жеке мәліметтері алаяқтардың қолына түседі. Осылайша банк қосымшалары мен парольдері алаяқтар үшін қолжетімді болып, олар оны өз мақсаттарына қолданатын болады.


Соңғы жаңалықтар