Диқандар суармалы жерге емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан былай диқандар суармалы жердің аумағына емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысы суармалы алқаптарды мейлінші тиімді пайдалану бағытында атқарылуы керек шараларды атады.

«Бірінші. Экология, Сыртқы істер министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су дипломатиясы бойынша нақты позицияны әзірлесін. Сондай-ақ оны үкіметаралық комиссия аясында елдің мүддесін ескере отырып, ілгерілетуді қамтамасыз етсін.

Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, суару тәсілдеріне қарай су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияларды саралау мәселесін пысықтасын.

Үшінші. Ұлттық экономика министрлігі Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерімен бірлесіп, суармалы жердің 1 гектарына емес, суаруға кеткен судың көлемі үшін ақы енгізу мәселесін пысықтасын», - деді Премьер-Министр.

Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі егін суаруға кететін судың 97 пайызын оңтүстіктегі 4 өңір тұтынып отыр.


Соңғы жаңалықтар