Diamond Princess экипажы 20 күндік карантиннен кейін кемеден шығарылады

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Жаңа коронавирустің өршуіне байланысты Жапонияның Иокогама портында карантинге қойылған Diamond Princess круиз кемесінің экипаж мүшелері бүгіннен бастап кемеден шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша кемеден шығару бірнеше күнге созылуы мүмкін. Экипаж мүшелері, оның ішінде шетелдік азаматтар Токио маңындағы Сайтама префектурасында уақытша дәрігерлердің бақылауында болады.

Ақпан айының басында Йокогама портына жеткен кезде круиз лайнерінің бортында 56 ел мен аймақтан келген 3 700 жолаушы және экипаж мүшелері болған. Соңғы жолаушылар өткен аптада жағаға шығарылды.

Жапония 900-ге жуық коронавирус жұқтыру жағдайын растады, олардың көпшілігі карантиндегі кемеге қатысты.

Кеме Гонконг, Вьетнам және Тайвань елдеріне, сондай-ақ Окинава аралының оңтүстік префектурасында тоқтағаннан кейін үшінші ақпанда карантинге оқшауланды.

Еске сала кетейік, «Diamond Princess» круиз кемесінің бортында қазақстандық екі әйел және екі бала болған. 23 ақпанда олар Қазақстанға оралып, елордада карантинге жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар