+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Дезинфекциялаушы «әскер»: Нұр-Сұлтанда көшелер қалай зарарсыздандырылып жатыр

2020 жылғы 25 наурыз 18:21
Бөлісіңіз:
Дезинфекциялаушы «әскер»: Нұр-Сұлтанда көшелер қалай зарарсыздандырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери міндеттілердің қай санаты арнаулы жиындардан босатылады Әскерилер Түркістан қаласында залалсыздандыру жұмысын бастады Болашақ өрт сөндірушілер Көкшетау көшелерін дезинфекциялап жүр

Біріншіден, қала көшелері, тротуарлар, аялдамалар және басқа да қоғамдық орындар күнделікті негізде арнайы ерітінділермен дезинфекциядан өтіп жатыр. Дезинфекциялау іс-шараларын өткізуге қалалық қызметтерден басқа қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз. Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады.

Екіншіден, әуежайда, вокзалдарда, әлеуметтік нысандарда, базарларда, сауда ойын-сауық орталықтарында және басқа да адам көп жиналатын жерлерде дезинфекциялау шаралары күшейтілді. Санитарлық тәртіп күшейтілді. Жұмыс орындары мен ғимараттарда мұқият өңдеу жүргізіліп жатыр. Барлық қызметкерлер медициналық маскалармен, антисептиктермен және басқа да медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.


Үшіншіден, 2 мыңнан астам тұрғын үй дезинфекциядан өтуі қажет. Пәтер иелері кооперативтері мен қызмет көрсетуші компаниялар үй кіреберістерін, есіктерді, лифттерді, сүйеніштерді, терезе жақтауларын және т. б. дезинфекциялауға міндетті.

Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Жедел штаб жұмыс істейді. Қала тұрғындары тәртіпті сақтап, қажетсіз үйден шықпауы, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT