Девон портында отқа оранған алып яхта суға батып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұзындығы 85 фут (26 метр) болатын алып яхта Девон портындағы айлақта тұрған кезде қатты өрттің салдарынан батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Девон және Корнуолл графтығы полициясының мәліметінше, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұлыбританияның қоршаған ортаны қорғау агенттігі кеме бортында тоғыз тоннаға жуық дизель отыны болғанын мәлімдеді.

Полиция тұрғындардан «қатты түтінге байланысты» есіктер мен терезелерді жабық ұстауды сұрайды.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Қоршаған ортаны қорғау агенттігі кеменің батып кеткенін және қазір қоршаған ортаның ластануына ерекше назар аударылғанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар