Дертіне шипа таппағандар Қоңыр әулие үңгірін іздеп келеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей өңіріндегі Абай ауданында Қоңыр әулие үңгірі бар. Бұл - жергілікті халық үшін киелі орын. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келіп жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұл жерде кезінде Абай болған. Мұхтар Әуезов те талай мәрте осы киелі орынға келген.

«Қоңыр әулие үңгірі туралы аңыздар аз емес. Бұл жерді ең алғаш рет Қоңыр пайғамбар тапқан екен. Аңыз бойынша Нұхтың кемесіне үш пайғамбар жете алмай, тасқын кезінде бөренені паналапты. Су тасқынының беті қайтқан кезде Қоңырдың бөренесі Ақтас жотасына келіп тірелген екен. Онда осы үңгір болған. Үңгірдің ішінде емдік қасиеті бар су болған. Судың мөлдірлігі кристалдай жарқырап тұрған. Бірақ су мұздай болған (судың температурасы - небәрі 4 градус қана жылы)» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан ақпаратта.

Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, судың қасиетін бұрынғы ата-бабаларымыз жақсы білген. Жоңғарлармен соғыста жарақат алған сарбаздар осында келіп, дертіне шипа іздеген.

Осы киелі орынға келушілер қасиетті суға түсіп, ем болатынына сенеді.




Соңғы жаңалықтар