+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Дербес шоттардағы артық төлемді толығымен алып тастау мүмкін емес - Ерұлан Жамаубаев

2021 жылғы 21 маусым 12:09
Бөлісіңіз:
Дербес шоттардағы артық төлемді толығымен алып тастау мүмкін емес - Ерұлан Жамаубаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аванстық төлемдердің төмендеуі дағдарыс кезеңінде компаниялар табысының азаюымен байланысты болды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қарайды Серікбай Трұмов Сенат депутаты қызметіне тағайындалды

«Болашақ төлемдер есебінен артық төлеу мәселесі бойынша ескертуге қатысты тоқталсақ, бюджетпен есеп айырысудың әдістемелік ерекшеліктеріне байланысты дербес шоттардағы артық төлемді толығымен алып тастау мүмкін емес.

Мәселен, корпоративтік табыс салығы бойынша артық төлем жыл ішінде заңнамада көзделген ай сайынғы аванстық төлемдерді төлеуге негізделген. Біркелкі түсімдерді қамтамасыз етудің мұндай практикасы халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері де бар», - деді Е. Жамаубаев Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.

Оның айтуынша, бұл ретте, аванстық төлемдерді ай сайын төлеу бойынша міндеттеме кірісі 325 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын корпоративтік табыс салығының ірі төлеушілеріне ғана қатысты. Қалған 90% төлеушілерге мұндай норма қолданылмайды. Жалпы алғанда, есепті кезеңде аванстық төлемдердің төмендеуі дағдарыс кезеңінде компаниялар табысының азаюымен байланысты болды.

«Қосылған құн салығына келсек, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығы бойынша артық төлем 1,6 трлн теңгені құрады. Осы соманың басым бөлігі салық төлеушілер сатып алған тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша қалыптасқан. Яғни бюджетке іс жүзінде артық салық төленген жоқ. Дегенмен бұл қаражат қосылған құн салығын төлеу бойынша туындаған салық міндеттемелерінің есебіне пайдаланылуы мүмкін», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT