Депутаттар «Сарыарқа» газ құбырына қосылатын тұрғындардың шығынын субсидиялауды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары «Сарыарқа» газ құбырына қосылатын тұрғындар шығынын субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның орталық және солтүстік облыстарынгазбен қамтамасыз ету үшін «Сарыарқа« газ құбыры салынды. Нәтижесінде газ құбыры бойынша орналасқан іргелес 171 елді мекеннің шамамен 2,7 млн тұрғыны жылу және өзге де тұрмысық мақсатта табиғи газ алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Қазақстанның коммунистік халық партиясының қоғамдық қабылдауына Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының тұрғындар газды үйге кіргізу шығындарыны жоғары екендігіне және газ бағасының өзі қымбаттығына шағымдануда. Республикада халыққа арналған тауарлық газдың бағасы ҚҚС-ті қоспағанда 1 текше метрі үшін өңірлерге байланысты 7 269-дан 30 600 теңгеге дейін айқындалған. Бұл ретте ең жоғары тариф Нұр-Сұлтан қаласында бекітілген», - деді Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдаған Жамбыл Ахметбеков.

Оның дерегінше, қазандық құнын қоса алғанда бір үйді газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орташа құны 350 мың теңгені құрайды. Ал бұл әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін өте қымбат екені сөзсіз.

«Қазақстаның газ тартылған орталық және солтүстік облыстарында қыстағы орташа температура өте төмен екендігін ескере отырып, сізден «Сарыарқа« газ құбырына қосылатын барлық 171 елді мекен үшін жылу маусымында тауарлық газ құнын және халықтың аз қамтылған тобына газ тарату желілеріне қосылу шығындарын субсидиялау бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсыруыңызды өтінеміз», - деді Мәжіліс депутаты.


Соңғы жаңалықтар