Депутаттар Азат Перуашев пен Берік Дүйсенбинов Шымкенттегі Antikor ortalyǵyмен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дүйсенбинов мегаполиске арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Antikor ortalyǵyмен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысы Асхат Жұмағали депутаттарға сервистік орталықтың жұмысы Президенттің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына толықтай сәйкес келетіндігін жеткізді. Antikor ortalyǵy барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.

«Барлық бөлмелер шыны кабинеттерге ауыстырылған «Open space» форматында салынған және бұл тиімді өзара іс-қимыл үшін жасалған.

Бірінші қабатта келушілерге кеңес беретін ресепшн-кеңесші, күту орны, сондай-ақ азаматтардың ыңғайлылығы үшін балалар жиһазы мен ойыншықтармен жабдықталған балалар алаңшасы қарастырылған. Екінші қабатта Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелеріне арналған кабинеттер мен модульдік акт залы бар», - деп атап өтті А.Жұмағали.

Орталықтың жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаттары халықпен тығыз жұмыс жасап, ашықтықты барынша қамтамасыз етіп отырған мекеменің тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасағандығын атап өтті. Ал, департамент басшысы жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Сонымен қатар, бюджет ашықтығы мен оның мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жүзеге асырылып отырғанын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Одан бөлек депутат, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев «AANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирге шығып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтар мен мегаполиске жұмыс сапарының мақсатынан хабардар етті. Эфир барысында ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша «Ақ жол» партиясының ұсыныстарымен, депутаттық бастамаларымен таныстырды.


Соңғы жаңалықтар