+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Депутат жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді

2021 жылғы 7 сәуір 15:42
Бөлісіңіз:
Депутат жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Вакиль Набиев жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Саяси реформалардың үшінші пакеті партиялардың белсенділігін арттырады – Ерлан Саиров Түркістандық кәсіпкерлер ауылдағы мұқтаж отбасыларға баспана салуда Депутаттар: Алаяқтық артуына байланысты онлайн несие тәртібін өзгерту керек

«Біздің сауалға жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің баспана алуда кезек пен мониторингіден өтуі рәсімімен байланысты болып отыр», - деді В. Набиев Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғажановтың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Министрліктер мәліметіне қарағанда, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша баспанаға мұқтаждар саны 2020 жылы елімізде 59 406-ны құрап, оның ішінде 876 адам, яғни 1,4 пайызы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алды.

«Осыған байланысты қолжетімді, пайдалануға қолайлы бірыңғай электронды база құру қажеттігі бар деп санаймыз. Онда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің кезегі қандай тәртіппен жылжып жатқанын көре алар еді», - деді депутат.

Бұл тұрғыда Вакиль Набиев аталған жүйе бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT