Депутат ұлттық жобаларда ескерілмеген мәселені айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров ұлттық жобаларға қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық жобаны қабылдау – мемлекеттік жоспарлаудың жаңа және маңызды кезеңі. Біздің түсінігімізде жоспарлау экономиканы дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін нақты нәтижеге бағдарлануға тиіс. Негізгі міндет – бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламалардың кемшілігі мен нысаналы индикаторлардың қателігіне жол бермеу. Алайда біз мемлекеттік бағдарламалардағы проблемалар ұлттық жобаларда да пайда болып жатқанын көріп отырмыз», - деді А. Қоңыров Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, сайлаушылардың басым бөлігінде өздеріне арнап жазылған ұлттық жобалардың мәні туралы түсінік жоқ. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені ұлттық жобалар мемлекеттік бағдарламалар секілді іс-шаралар мен сандардың жиынтығынан құралған. Адамдардың мәселесін шешу жолы көрініс таппаған.

«Экономика саласындағы жұмыс қазақстандықтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруге тиіс деп санаймыз. Жоспарлы құжаттарда орташа көрсеткіштер емес, түрлі салалар мен азаматтардың санаттары және жұмыспен қамту салалары бойынша кірістің қалай артатыны міндетті түрде көрсетілуге тиіс. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы мысалында азаматтардың табысы қалай өсіп, өмірі қалай жақсаратыны нақтылануы керек. Атауында басымдық дұрыс берілген. Алайда нақты міндет деңгейінде қарайтын болсақ, онда барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын «2019 жылғы деңгейден нақты ақшалай кіріс көлемінде 27,1% - ға өсіру» туралы ғана міндет қойылған. Неліктен 27,1%? Неге 25% немесе 30% емес? Бұл өсімге қалай қол жеткізіледі? Бұл өсімге қол жеткізу барысында инфляция есепке алынды ма? Ақпарат жоқ», - деді депутат.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы халық ресурсы мен ұлт болашағына қатысты мәселеде мемлекеттік жоспарлауға атүсті қарау қауіп төндіреді деп санайды.

«Ұлттық жобаларды жүзеге асыратын салалық тұжырымдамаларды әзірлеу барысында мемлекеттік бағдарламаларда кеткен қателерге жол бермеу аса маңызды. Бұл құжаттарды сарапшылар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері терең талдаудан өткізуге тиіс. Құжатқа өзгеріс енгізу үшін талқылау ашық болуы керек.


Соңғы жаңалықтар