Депутат «Нұрлы жер» аясында сапасыз құрылыс жүргізгендерді сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында сапасыз құрылыс жүргізген компанияларды сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындар салынған үйлердің, ғимараттарды тұрғызу және әрлеу кезінде пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және коммуникацияларда орын алған проблемаларға көп шағым айтуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда 2018 жылдың өзінде Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары (МСҚБ) салынып жатқан нысындарға жүргізген бақылаудың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бағдарлама аясында пәтерлердің сапасыз салынғаны үшін 1,5 мың субъект 550 млн теңге сомасына әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Осындай адал емес компаниялар қалайша тұрғын үйлер салып жатыр? Әкімдіктер, яғни тапсырыс берушілер сонда қайда қарап отыр?», - деді депутат Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Оның пайымынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жұмысы да жобалау және құрылыс сапасына әсер етеді.

«Бұл демпинг проблемасы болатын. Демпинг үшін айла-амалдарды болғызбауға арналған Мәжіліс депутаттары 2018 жылдың соңында демпингтік бағаларды ұсынуға жол бермейтін Заңды қабылдаған болатын. Бұған қоса, депутаттар мемлекеттік сатып алуға қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптарын қатаңдатуға бағытталған Заңға түзетулер енгізді. Осыған байланысты, тұрғын үйлерді және инфрақұрылым объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру кезінде құрылысшылардың заңнамада белгіленген талаптарды сақтауына бақылауды уәкілетті органның күшейтуі керек. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына, әсіресе, тұрғын үй құрылысына берілетін лицензияны қолданудың белгілі бір мерзімін белгілеген жөн», - деді Н. Сабильянов.

Соңғы жаңалықтар