+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Денсаулық сақтау вице-министрі Шымкенттегі медициналық мекемелер жұмысымен танысты

2020 жылғы 14 тамыз 20:27
Бөлісіңіз:
Денсаулық сақтау вице-министрі Шымкенттегі медициналық мекемелер жұмысымен танысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарт - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Шымкенттегі медициналық мекемелерді аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге індетке қарсы күрестің нәтижелерін талқылап ситуациялық штабтың жұмысымен танысты. Халыққа көрсетіліп жатқан медициналық көмек жөнінде және маман тапшылығын жоюдағы бастамалар туралы сұрастырды.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары Денсаулық саласындағы ахуал жөнінде онлайн-жиналыс өткізіп қатардағы қарапайым қызметкерлердің пікірін білді.

Ажар Ғинияттың айтуынша, Шымкентте 5 аптаның ішінде ауруханалардағы емделуге арналған жатын орындардың жүктемесі 60 пайызға дейін төмендеген. Оның ішіндегі жансақтау бөліміндегі орындар 66 пайызға азайған. Пандемияға және енгізілген қатаң карантиндік шараларға байлансты дәрігерлер науқастардың үйіне барып қызмет жасады.

Республика бойынша мобильді бригадалардың саны 7,6 есеге көбейіп қазіргі уақытта жалпы саны 3640-ты құрады. Шымент қаласында 211 бригада жұмыс істеп тұр. Мобильді бригадалар 5 мыңнан астам халықты қамтыды. Шымкент қаласы 5,0 көрсеткішті құрады.

«Емханалардың, жедел-жәрдемнің жанынан халыққа кеңес беретін 4040 Call-орталықтар құрылды. Шымкентте осындай 12 орталық іске қосылды. Медициналық жедел-жәрдемнің түнгі ауысымы 2000 бригадаға дейін өсті. Дегенмен, қазір жедел-жәрдемге хабарласу көрсеткіші 62 пайызға дейін азайды. Қала бойынша бұл көрсеткіш 37 пайызды құрайды.

Осыдан соң министрдің орынбасары індет өршіп аурулар саны күрт көбейген кезде жедел салынған модульді инфекциялық стационар саналатын «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын» аралап шықты. 200 орынға шақталған мекеменің жұмысымен жан-жақты танысты.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, COVID-19 қарсы күресті күшейту мақсатында 26 провизорлық орталық жұмыс істеген. Қазіргі таңда соның 19 пайызы қалды. Яғни, уақытша емдеу орындарының жүктемесі 81 пайызға азайған.

Тамыз айынан бастап медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшті. Атап айтқанда, науқастар жоспарлы ем қабылдай алады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT