Денсаулық қорғау жүйесінде түбегейлі өзгерістер керек - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық қорғау жүйесінде түбегейлі өзгерістер керек. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі дағдарыс бүкіл әлемге медицина, білім беру, әлеуметтік қорғау сынды әлеуметтік сала мәселелері қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді. Бізге денсаулық қорғау жүйесінің сапасын арттыруға, медициналық мекемелерді толыққанды технологиялық қайта жабдықтауға, медицина қызметкерлерінің құзіретін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер қажет. Шұғыл әрекет ету жүйесін бейімдеу кез келген сипаттағы төтенше жағдайға талап етіледі», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы халықты инфекциялық бақылау, телемедицина енгізу және қашықтан диагностикалау үшін әдістер әзірленуі тиістігін баса айтты.

«Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті түбегейлі күшейтуге тура келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар