Денис Тен жанкүйерлеріне жаңа ән орындап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Инстаграмдағы парақшасында видео түсіріп, жаңа әнін ұсынды.

Сочи Олимпиадасының жүлдегері бұған дейін өзі шығарған өлеңінен үзінді оқып берген еді. Ол кезде достары қолдау білдірген еді. Енді фигурист тек вокалдық жағынан танылып қана қоймай, музыкалық аспаптарда ойнайтынын да көрсетті.

«Бірнеше апта бұрын @twizzle.ru-дың гитарасын алып қойдым. Енді ұмыт болған қабілеттерімді шыңдау арқылы уақыт өткізудемін. «Rumors behind your back» әнінің демо үлгісін жаздым. Менің алғаш рет гитарада ойнауым, бұрын сүймелдеу үшін достарыма өтініш жасайтынмын», - деп жазды Денис әлеуметтік желіде.

Денистің фото түсірумен айналысады, спортшы өз еңбектерін Instagram-дағы жеке парақшасында жариялайды. Модель ретінде әртүрлі турнирлер мен шоуларға бірге қатысатын спортшы достарын жұмылдырады. 

Пару недель назад конфисковал у @twizzle.ru гитару. Теперь провожу вечера, реализуя забытые идеи. Записал демо "Rumors behind your back". Это, кстати, мой первый опыт записи гитары, раньше приходилось мучить друзей. :) 🎤🎼🎸

A video posted by Denis Ten (@tenis_den) on Dec 3, 2016 at 2:11pm PST

Соңғы жаңалықтар