Денис Тен ісі бойынша апелляциялық сот қашан өтетіні белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық соты Денис Тен ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау уақытын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясы А.Құдайбергенов, Н.Қиясов, Ж.Толыбаеваға қатысты апелляциялық шағымдарды 13 наурызда 15:00-де қарайтын болды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 17 қаңтарда сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасына қос тараптан да апелляциялық шағым түскенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар