+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Дене шынықтыру мұғалімдеріне секция жұмыстары үшін қосымша ақы төленетін болды

2021 жылғы 15 қазан 21:29
Бөлісіңіз:
Дене шынықтыру мұғалімдеріне секция жұмыстары үшін қосымша ақы төленетін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде Ұлттық мектеп спорт лигасының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды Жәнібек Әлімханұлы WBO әлем чемпионы титулы үшін міндетті кандидат болды Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі

Министрдің айтуынша, биыл Ұлттық лига 8 спорт түрінен емес, 10 спорт түрінен өтеді. Лига шеңберінде ұйымдастырылатын жарыстар алдымен мектептерде, аудан және облыста, кейін республика деңгейінде өтеді.

«Мұндай іс-шаралар балаларымызды спортпен айналысуға ынталандыру, соның ішінде қазақ халқының асық ату және тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі спорт түрлеріне баулуға бағытталған.

Бүгін мектеп оқушылары асық ойнап жатқанын көріп, риза болдым. Балалық шағымда бұл ойын біз үшін футбол сияқты танымал ойындардың қатарында болатын» деп жазды Асхат Аймағамбетов .

Сондай-ақ, одан балалар волейбол, баскетбол, футбол, футзал, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық кросс және басқа да спорт түрлерін таңдай алады.

«Министрлік мектеп және студенттер спорт лигаларын өткізу шараларын қолдайды. Біз спорт секцияларының жалпы санын 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударды. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР БҒМ кешенді жұмыс жүргізеді. Министрлік мектеп оқушыларының санына байланысты спорт залдарының санын ұлғайтуды көздейтін әзірленіп жатқан мектептердің үлгілік жобаларына ұсыныстар енгізді», - дейді ол.

Білім министрінің айтуынша, балаларды секциялармен қамту олардың тәлімгерлеріне де байланысты. Сондықтан спорт секцияларын жүргізетін дене шынықтыру мұғалімдеріне жұмыстары үшін ай сайын қосымша ақшалай қаражат төленбек.

«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен көптеген ұсыныс келіп түсетінін атап өткім келеді. Олар сабақтың тиімділігін арттыру туралы өз ойларымен бөліседі. Жақын арада мәселені талқылау және тиісті шешімдер қабылдау үшін кездесу өткізетін боламын» деп түйді сөзін ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT