Демократиялық сипатқа ие - Дорофеев журналистердің митингте жұмыс істеу қағидалары жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Informburo.kz сайтының бас редакторы Михаил Дорофеев журналистердің бейбіт жиындарда қызмет ету қағидалары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл құжаттың маңызы зор. Себебі ең алдымен бұл қағидалар мемлекеттік органдардың, оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өзгеріске деген дайындығын көрсетіп, министрліктің БАҚ қызметін шектеу үшін қызмет етпейтінін дәлелдей түседі. Заңда біз көріп отырған ережелер бұл тенденцияны растай түседі. Редакциялық тұрғыда әлбетте пікірталас бар. Әйтсе де қағидалар жалпы демократиялық және либералдық сипатқа ие», - деді ол Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен онлайн кездесуде.

Оның айтуына қарағанда, журналистердің бейбіт жиындарға қатысуы тұрғысында өте маңызды мәселе бар.

«Ережелердің атауын өзгертпеу керектігін түсінеміз. Бәрі заңда жазылған. Әйтсе де, журналист репортаж жасайтын маман ретінде де, бейбіт жиындағы ұрансөздермен келісіп, қатысатын қатысушы ретінде де бола алады. Сол себепті өз міндетін атқаратын маман мен митингке қатысатын жеке тұлғаны ажыратып алуымыз керек. Сол себепті ережелерді өзгерту ұсынысы дәл осы мәселеге тіреледі», - деді ол.

Михаил Дорофеев бейбіт жиында кәсіби міндеттемесін орындайтын адамның өз құқығы мен міндеттемесі барын айтады. Ал митингке қатысатын адамның өз идеясына сай міндеті бар.

«Журналист баспасөз орталығында да, одан тыс та жұмыс істей алатыны қағидаларды нақты жазылуы тиіс. Себебі күш құрылымдары да осы қағидаттардың ережелерін пайдаланады. Күш құрылымдары журналистің қандай құқығы бары немесе жоғын біліп тұруы тиіс», - деді ол.

Фото: kazlenta.kz
Соңғы жаңалықтар