Демалыс күндері Павлодар облысында екі ірі жол апаты болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Екі жол апатының бірінде көз жұмған адам Ақмола облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қазан күні 22:00-де Екібастұз-Төрткұдық автожолында, Шідерті ауылынан 2 шақырым жерде «Audi 80» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, металдан жасалған қоршауға соғылған. Жол апаты салдарынан Ақмола облысының 53 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ ведомство адам өліміне әкелген тағы бір жол апатының болғанын мәлім етті.

«13 қазан күні 07:20-да Павлодар-Қызылорда автожолының 79-шы шақырымында «Lada 21911» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деді полициядан.

Екі дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, көліктер айыппұл тұрағына жеткізілген. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар