+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:08
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 25-27 қыркүйек күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жел, тұман, жаңбыр: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады Демалыста күн жылы болады - Қазгидромет

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның (солтүстік-батыс және оңтүстік) бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығыста жаңбырдың арты қарға ұласады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 аралығында болса, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде минус 3 +5 градустан плюс 3-11 градусқа дейін жылынса, күндіз керісінше +13-23-тен +3-13 градусқа дейін салқындайды. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометр 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT