Демалыс күндері екі облыс елордаға 980 тонна өнім әкеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қостанай және Қарағанды облыстары шаруаларының жәрмеңкесі 3-4 қазанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

3-4 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Екі күн ішінде 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын болады.

Жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері өз өнімдерін ұсынады.

Кәсіпорындар 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна; жарма және макарон өнімдері – 30 тонна; картоп пен көкөніс – 60 тонна; ұн – 50 тонна.

Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. кіреді.

Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады.

Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпауы керек.


Соңғы жаңалықтар