Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар – Президент министрлер мен әкімдерге

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерге, әкімдер мен Президент Әкімшілігі қызметкерлеріне демалысқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осымен жаздың жартысы өтті. Министрлер, әкімдер, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай еңбек демалысы жоқ. Өйткені, төтенше жағдай орын алып отыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы онлайн өтіп жатыр.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде.

Сондай-ақ отырыста коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар