Декорация басып қалған Петропавл тұрғынына Астанада ота жасалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Декорация басып қалған 22 жастағы бойжеткенге Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында ота жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бойжеткеннің анасының айтуынша, ота сәтті өткен. Жүйкесіне зиын зиян келмеген, жүре алады. Оған жарты ай отыруға болмайды. Жалпы құлан-таза айығу үшін кемінде бір жыл қажет.

Еске сала кетейік, 19 наурыз күні Петропавл орталығында мерекеге арналып құрылған декорация жас қыздың үстіне құлап, ол жедел ауруханаға жеткізілген болатын.

Петропавл қаласындағы №3 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Руслан Тасов үстіне көрнекі арка құлаған қыздың жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты екендігін айтқан болатын.

«Қыз есін жиған. Жуық арада консервативтік ем жасалады. Мұндай жарақат ұзақ уақыт емдеу және оңалту курсын қажет етеді. Астаналық мамандармен ақылдасып, содан соң ота жасау туралы шешім қабылдаймыз», - деген еді Р. Тасов.

Бойжет Астанада анасымен бірге он күндей болады.

Соңғы жаңалықтар