Де Мистура Астана процесінің бастамашыларына алғысын білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Женевадағы келіссөздердің ашылуы барысында Астана процесін және Сириядағы бітімді нығайтуға қолғабыс еткен Ресей, Иран, Қазақстан және Түркияның күш-жігерін жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Астана процесінің бастамашылары - Ресей, Түркия, Иран және Қазақстанға Сириядағы атысты тоқтатуға қосқан үлестері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Ол өте нәзік, дегенмен, ол бар», - деді де Мистура.

Оның айтуынша, бұл бастама саяси үрдісті жылжыту үшін мүмкіндіктер «терезесін» ашты.

«Біз бұл терезені пайдаланғымыз келеді», - деп атап өтті арнайы елші.

Соңғы жаңалықтар