ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 19 мамыр күні Қытайдың CanSino Biologics биофармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады. Бұл ДДҰ сертификаттаған Sinopharm және Sinopec-тен кейінгі үшінші қытайлық вакцина, деп хабарлайды ҚазАқпарат еnglish.news.cn сайтына сілтеме жасап.

Вакцина аурудың белгілеріне қарсы 64% және ауыр COVID-19-ға қарсы 92% тиімді екені анықталды.

CONVIDECIA сонымен қатар ДДҰ-ның иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобында (SAGE) қаралды, ол оны 18 жастан асқан барлық жас топтарында бір реттік 0,5 миллилитр доза ретінде пайдалануды ұсынады. Вакцинаны қолдану бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар жақын арада жариялануы тиіс.


Соңғы жаңалықтар