ДДҰ: Еуропада қыста кемінде 500 мың адам коронавирустан көз жұмуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша қыста Еуропада кемінде 500 мың адам коронавирустан көз жұмуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер ЕО елдері пандемияға байланысты шектеулерді күшейтпесе, бұл болжам жүзеге асуы мүмкін, - деді ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге. «COVID-19 кезекті рет біздің аймақта өлім-жітімнің басты себебі болып отыр, жаңа толқынның туындауы суық ауа райының жақындауына, бірқатар елдерде вакцинацияның төмен қарқынына және SARS-CoV-2 жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты». Осыған орай Австрияда бүгіннен бастап жалпыұлттық локдаун енгізіледі, Данияда кинотеатрларға, түнгі клубтар мен мейрамханаларға бару үшін ковид-паспорттар міндетті болып табылады.

Ал Германияның федералды аймақтарында covid-19 инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеуде. Роберт Кох институтының мәліметі бойынша өткен тәулікте елде 42 727 коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары тіркелген, бір күн бұрын бұл көрсеткіш 63 мыңнан астам деректі құрады. SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 5,5 млн-ға жуықтады, нақтырақ 5 354 942-ге жетті. Соңғы 24 сағат ішінде 75 науқас ауру салдарынан көз жұмды, ал пандемия басталғаннан бері Германияда 99 062 адам COVID-19 асқынуынан көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар