+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

ДДСҰ өкілі: Қазақстанда 15-29 жас аралығында өлімнің негізгі себебі — жол-көлік оқиғасы

2019 жылғы 15 қараша 13:44
Бөлісіңіз:
ДДСҰ өкілі: Қазақстанда 15-29 жас аралығында өлімнің негізгі себебі — жол-көлік оқиғасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам жол-көлік оқиғасынан қаза табады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честнов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысындағы автобус апаты: Елжан Біртанов зардап шеккендердің жағдайын айтты Алматыда кейуананың тамағына тіс протезі тұрып қалған Бердібек Сапарбаев Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығында болды

«Қараша айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні. Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам, күн сайын 2600, әр 24 секунд сайын 1 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Бейбіт күнде осындай көрсеткіш болуы - өте қайғылы жағдай», - дейді Олег Честнов.

Ол жол-көлік оқиғасынан көз жұму жағдайларын өлімнің алдын алуға болатын себептерге жатқызатынын айтты.

«Өкінішке қарай, Қазақстанда және әлем бойынша 15-29 жас аралығында өлімнің негізгі себебі - жол-көлік оқиғасы. Дәрігерлер жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға көмектеседі. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен жағдайда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 100 адамның алпысын аман алып қалуға болар еді. Дәрігер ретінде көлік жүргізушілеріне айтарым, алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгеріпалу керексіздер», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT