ДДСҰ құс тұмауының адамға жұғу фактісін растады

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 26 ақпаны күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ресейде адамның H5N8 вирусын жұқтырудың әлемдегі алғашқы оқиғасы тіркелгенін растады. Бұған дейін вирус тек құстар арасында ғана таралған еді. Вирусты елдің оңтүстік өңірлерінің біріндегі құс фабрикасында жұмыс істейтін 7 қызметкер жұқтырып алған. Вирус індетке шалдыққандардан одан әрі тарамаған, бұл оның адамнан адамға жұқпайтынын куәландырады. ҚазАқпарат бұл туралы БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«2021 жылдың 18 ақпанында Ресей Федерациясындағы ұлттық үйлестіруші ДДСҰ-ға 7 адамның клиникалық талдауында құс тұмауы (H5N8) анықталғанын мәлімдеді», - делінген ДДСҰ хабарламасында. Онда вирустың Астрахан облысындағы құс фабрикаларының біріндегі қызметкерлерден анықталғаны атап өтіледі.
Ресейдің ДДСҰ-ға мәлімдеуінше, 3-11 желтоқсан күндері аралығында Астрахан облысындағы фермалардың бірінде 900 мың тауықтың 101 мыңы қырылды. Бұл жағдайдан кейін арнайы тергеу жүргізілді. Құстардан сынамалар алынып, Ресейдің өңірлік ветеринарлық зертханасы одан A (H5N8) құс тұмауының белгілерін анықтаған.
«Қолдағы мәліметке сүйене отырып, вирустың адамнан адамға жұғу қаупі төмен болып қалып отырғанын айтуға болады», - делінген ДДСҰ мәлімдемесінде.
Бұған дейін бұл мәселеге қатысты Роспотребнадзор басшысы Анна Попова түсініктеме берген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Әзірге біз A(H5N8) құс тұмауын қоздырушы құстардан адамға жұға алатынын көріп тұрмыз – ол түраралық кедергіні бұза алды. Бірақ вирустың бұл нұсқасы бүгінде адамнан адамға таралмайды», - деді Анна Попова.
2020 жылы құс тұмауының A (H5N8) вирустары сондай-ақ Қазақстан, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Мысыр, Ирак, Нидерланды, Польша, Румыния, Чехия, Жапония, Корея, Қытай және өзге елдердегі үй және жабайы құстардан анықталған. Алайда бұл вирустың адамға жұққаны туралы хабарламалар бұған дейін түскен жоқ.
- 21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- 2022 жылы Теміртауда жаңа жылу қазандығы салынбақ
- ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
- Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды
-
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал
-
Дуалды оқытудың бірқатар шығынын мемлекет өтейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам