+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді

2020 жылғы 28 қазан 09:35
Бөлісіңіз:
ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологиялық бюллетенінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 710 бала коронавирустан емделіп жатыр 474 қазақстандық коронавирустан жазылды Қазақстанда 820 адам коронавирус жұқтырған

19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру, әсіресе, Еуропа өңірінде жылдам тарауда. COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп.

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер:

Францияда — 217,7 мың адам ауру жұқтырған;

Ұлыбританияда — 148,5 мың;

Ресейде — 114,5 мың;

Италияда — 101,9 мың;

Бельгияда — 90,8 мың.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT